Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Жаңалықтар

ЖАНАЗА РӘСІМДЕРІН БІРІЗДІЛІККЕ ТҮСІРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

14 қыр 2017 3 517 рет оқылды
ЖАНАЗА РӘСІМДЕРІН БІРІЗДІЛІККЕ ТҮСІРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Алматы орталық мешітінде қала имамдарына арналған бір күндік семинар өтті.

Семинардың мақсаты - ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша жаназа рәсімдерін бірізділікке түсіру. Семинарда бас имам Нұрбек қажы Ауесханұлы сөз сөйлеп, барлық жерде аталмыш рәсімнің бірдей өтуінің пайдасын атап өтті.

Жиналған имамдарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы ұстаз дәріс оқыды. Дәріс бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы бойынша жүргізілді.

Сонымен қатар имамдар «Рухани жаңару» орталығының директоры Алмас Бекболатұлының «Шешендік өнер» дәрісін де тыңдады.

#Алматы #Алматы мешіттері #Нұрбек қажы Ауесханұлы #жаназа #орталық мешіт