Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ төрағасы 200 отбасыға азық-түлік қорабын үлестірді

0 1  063

18 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінде өткен қайырымдылық іс-шараға қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

«Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беріп келеді. Соның бірі – қайырымдылық бағыттағы іс-шаралар. Мешіт – мейірімділік пен қайырымдылық мекені. Біз қашан да халқымызға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетуге дайынбыз. Игі іске үлес қосқан барша демеуші азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық іс-шара аясында 200 отбасыға азық-түлік қораптары таратылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.