Дүйсенбі, 15 маусым 2026 ж. 29 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы бабалар рухына 50 құран хатым дұғасын жасады

18 қар 2021 1 407 рет оқылды
ҚМДБ Төрағасы бабалар рухына 50 құран хатым дұғасын жасады

18 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында ақын, шежіреші, ауыз әдебиетін зерттеуші, ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп зиратын зиярат етіп, қарилар орталығының шәкірттері оқыған 50 Құран хатым дұғасын жасады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

«Алла Тағала еліміз бен жеріміздің болашағы үшін құрбан болған барша бабаларымыздың рухын пейіштің төрінде шалқытқай! Олардың артында қалған біздерге, барша қазақ халқына Алланың нұры жауғай! Жаратушы Жаббар Иеміз елдің сыртын жаудан, ішін даудан сақтағай! Мемлекетіміздің болашағы жарқын, халқымыз аман, жеріміз тыныш болғай!» деп дұға жасады Бас мүфти.

ҚМДБ Төрағасы бастаған дін қызметкерлері Ислам әлемінің танымал ағартушы ғалымы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухына да арнайы Құран хатым дұғасын жасады.