Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алланың жүрекке салғаны

0 430

Едіге бір күні қой жайып жүрсе, анадайдан екі адам көрінеді.

Ол екі адам бір түйеге таласып, жүгініске бара жатқан екен. Екеуі баланы көріп, ақылдасады: «Кел, осы қойшыға барып айталық, «Қойшының билігі бұзылмас» деген бұрынғыдан қалған мақал болушы еді», деп барып, екеуі таласып, қойшыға келді.

Біреуі «Бота күнінде жоғалған түйе менікі еді» дейді.

Екіншісі де айтады: «Бота күнінде жоғалған түйе менікі», – деп және екеуі де айтады: «Осы түйенің қолымызда енесі бар», – деп.

Сонда қойшы «Олай болса, екеуің де барып, енесін алып кел, мен сонан кейін билік айтамын» дейді. Сонан соң, екеуі де енесіне кетіп, екі түйені алып келді.

Қойшы әлгі таласып тұрған түйенің санына қылбұрау салып, бұрайды. Неше түрлі қинауға салып бұрағаннан кейін әлгі түйенің ботасы күніндегі даусы шығып, енесі жанына құстай ұшып келеді.

Міне, осымен парасатты қойшының ана жүрегіне салған Алланың мейірімі арқылы бота дауын оңай шешіп береді.

«Қазақ философиясы» көптомдығынан.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.