Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ауласы қардан тазартылды

0 678

23 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауласында қар тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Қыс түскелі жиналып қалған қар, көктем айларында еріп, қиындық туғызары анық. Осыны ойлаған  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қызметкерлері қардан таразту жұмыстарын жүргізді.

Игі іс қызметкерлер мен жамағаттың береке-бірлігінің арқасында, арнайы техникалардың көмегімен жүзеге асты.

Екі күнге созылған жұмыс аясында мешіт айналасы мен ауласына кіретін жолдар толықтай тазартылды. Нәтижесінде, 24 камаз қар тасымалданды.

Қар түскен сайын жиналып қалатын қалың қарды тазалау алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.