Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Барша ғаламдағы нәрселер Алла Тағаланың жоқтан бар қылғаны

0 782

Уа, достар, Алла Тағала бұл дүниедегі нәрселерді басында жоқтан бар қылған.

Бір Алланың өз затынан басқаның бәрі Алла Тағаланың жаратқан мақұлығы. Жоқтан қалайша бар қылады деп ойлау жарамайды. Оның үшін бар нәрседен бар қылып бір нәрсе шығармақ бенденің де қолынан келеді.

Мәнісін білген білімді, өнерлі жандар Алла Тағаланың жаратқан нәрселерінен адамның ақылы жете алмайтұғын, таң қалғандай нәрселер істейді. Мәселен, телеграф, телефон, граммафон дегендердің бәрі жердің бір шетінен бір шетіне хабар береді, бірі адамша сөйлейді. Алла Тағала ондай бардан бар да қылады, машина себеп керек қылмайық. Және жоқтан да бар қылады, дүние бұрын бар нәрседен жаралды десең, оны бар қылатұғын бір ие керек. Егер иесіз өзі бар болды десең, онда даһри дегендердің сөзі сықылды бір теріс ақымақтық болады.

Даһарлар дүние өздігінен бар болып, ескірген сайын бір нәрседен бір нәрсе жаралды дейді. Бүл тіпті теріс жол, оның үшін басында түк жоқ болса, неден бар болып, неден ескіреді және айтып иесіз жаралған нәрседе тәртіп болмайды, оны үйретіп тұрған Алла десе, Алла Тағаланың өзі жаратып, реттеп тұруы дұрыс.

Егерде дүние бар болмағанда Алла Тағала өзі қалайша бар болады десе, бұл қаңғырғаны болады. Себебі Алла Тағала жаратушы құдіретті ие.

Дүниенің өз-өзінен бар болғаны бек дұрыс емес. Және дүниеде бұрыннан бар шығар десе, о да теріс. Себебі оған бір ие болмаса, құры өзі не құдіретіменен бар болады, содан байқаңыз, дүниенің бәрі Алла Тағаланың жаратқаны екенін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Мұсылмандық шарты» кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.