Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дәстүрлі дәрістер сабақтастығы

0 1  974

7 наурыз/Sunna.kz/ – Астана қаласының «Садуақас қажы Ғылмани» мешіті қызметкерлері Ережеп айына дайындықты бастап та кетті.

Әйел жамағатының діни уағыздары жандана түсуде және аталмыш мешіттегі жат ағым мәселесімен белсенді жұмыс жасалуда. Мешітіміздің білікті ұстаз Айгүл Көксегенқызы әйел жамағатына тұрақты түрде дәріс өткізіп келеді.

«Он екі айдың ішіндегі қасиетті де құрметті айлардың бірі  – ережеп айы. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат айы болып табылады. Аллаға шүкір, қасиетті үш айдың бірі саналатын ережепке аман-есен жеткізді. Бұл айда әрбіріміз ғибадатты күшейтіп, Жаратушымызды ұлықтап, пәктеуді бұрынғыдан да арттыруымыз қажет. Ережеп айында исра және миғраж түні болған рағайып түні бар. Пайғамбардан (с.а.с) сүннет болып қалған нәпіл ораза ұстау бар. Сол себепті діни сауаттылығымызды арттырып, құран мен хадисті үйренуге тырысқанымыз абзал», – деді ұстаз Айгүл Көксегенқызы.

Бас имам Жұманазар Садырхановтың бекіткен уағыз және дәрістер кестесі бойынша, дәрістер тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.