Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды

0 1  762

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінде Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды, – деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы  Асқар қажы Әбітайұлының төрағалығымен өкілдіктің алқа мәжілісі өтті.

Жиналыс күн тәртібінде алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі талқыланды. Бас имамдар Рамазан айындағы өкілдіктің бастамасымен атқарылар бір айлық жұмыс барысын ақылдасты.

Рамазан айы – діни қызметтің ең қарбалас сәті. Өкіл имам Асқар қажы Әбітайұлы Рамазан айындағы іс-шаралардың мәні мен маңызына тоқталып, Елорда имамдарының атқарар жұмыстары мен арқалайтын жүгінің салмақты екенін еске салды.

«Рамазан айы – діни қызметтің қауырт сәті. Ұйымдастырылатын іс-шаралар мен атқарылар жұмыстардың мәні мен маңызы айырықша. Әрбір дін қызметкері өзінің жауапкершілігін сезінгені дұрыс. Ай бойы атқарылар іс-шаралар елдің руханиятына қызмет етуі керек. Мешітке келушілерге дұрыс діни ақпарат беру, халықтың имани сұраныстарын қанағаттандыру үшін сапалы қызмет өтеуге тиіспіз. Елордамыз – еліміздің жүрегі. Сондықтан діни қызметтің де салмағы өзгеше», – деді Асқар Әбітайұлы.

Өкіл имам Рамазан айында Елорда мешіттеріндегі ауызашар ұйымдастыру, тарауих намазын жүйелі өткізу, ай бойы Құран Хатым өткізу, мешіт іші-сыртындағы тәртіп пен тазалықты қадағалау, т.б. діни һәм шаруашылық жұмыстардың жоспарымен танысып, бас имамдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.