Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Мәшһүр Жүсіп кесенесін зиярат етті

0 1  035

15 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz –Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған ресми сапары барысында Баянауыл ауданында орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесін зиярат етті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы, асыл дінімізді насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан Мәшһүр Жүсіп ғұламаның рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Сонымен қатар еліміздің игілігі мен халқымыздың амандығы үшін дұға етті.

Зиярат барысында Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан шалып, Жаратқаннан жұртымызды жұқпалы індеттен сақтауды сұрады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.