Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Саққұлақ би: Көргенді адасса

0 554

Жазда аулына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққұлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағылымды әңгімелерін тыңдайды. Дидарласу кезінде жас Шоқан қонаққа тосын сұрау қойып:

–Ақсақал, біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды? – дейді.

–Шырағым, көнеден сұрайды, – дейді шешен.

–Көне адасса, кімнен сұрайды?

–Көне адасса, көргендіден сұрайды.

–Көргенді адасса, кімнен сұрайды?

–Көргенді адасса, көптен сұрайды.

–Көп адасса кімнен сұрайды?

–Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды. Көп оқыған неге адассын! Әлгінде ғана Сатыбалдының Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбетәлі жырау туралы дастанын өзің де менен сұрап анықтап алған жоқпысың?, – дейді шешен. Содан соң:

Әсілі, ақыл – адамның аздырмайтын ем.

Білім – таусылмайтын кен.

Адамның басшылы – ақыл,

Жетекшісі – талап,

Шолғыншысы – ой,

Жолдасы – кәсіп,

Қорғаны – сабыр,

Қорғаушысы– мінез.

Біліп туған бала екенсің,

Тумысыңнан дана екенсің, – дейді, Шоқанға риза болған шешен.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.