Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 ж. 24 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:30
Бесін 12:18
Екінті 16:51
Ақшам 18:55
Құптан 20:27
Мақалалар

Бөлтірік шешен: Орынсыз сөз жау шақырады

26 мам 2022 1 251 рет оқылды
Бөлтірік шешен: Орынсыз сөз жау шақырады

Бөлтірік баласына "Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында", "Басыңа ие бол, қолыңа ие бол, тіліңе ие бол" деген сияқты ақыл сөздерді айта береді екен. Бірде баласы әкесіне: "Жауды жақындатып, қара аспанды төндіріп қоятыныңыз-ай" деп қапа болыпты.

Сөйтіп жүргенде Бөлтіріктің баласы бір жерге қыдырып барып, біреулермен сөз сайыстырып, ілінісіп қалады. Айып басы тағы да сөзден шықса керек.

Баласы Бөлтірікке:

– Әке, "Жау жоқ деме – жар астында", "Басыңа ие бол, қолыңа ие бол, тіліңе ие бол" дегеніңіздің мәнісін енді ұқтым, - дейді. Сонда Бөлтірік баласын былай деп демеп:

–Кердең болса,

Аяғың жау тартады.

Кесірден болса,

Таяғың жау тартады.

Кіді болса,

Мінезің жау тартады, - деген екен.

sunna.kz