Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажыларды тасымалдау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды.
КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:
- Авиакомпанияның «Қажылық-2026» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
- Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
- Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Түркістан қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
- Авиакомпания Қазақстан Республикасының қажыларын 12.05.2026ж. мен 20.05.2026ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 01.06.2026ж. мен 10.06.2026ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну;
Аталған құжаттар 19 қыркүйектен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды. Туындаған сұрақтар бойынша (Жәнділлә Бекжігітов +77014770717 ) хабарласуға болады.
дереккөз: muftyat.kz