Бұл дүние Алланың зікірімен, ақырет Алланы көрумен әдемі
Бұл дүние Алланың зікірімен, ақырет Алланы көрумен әдемі
Басымызға қиындық түскенде: «Расында, біз Аллаға тиесіліміз және Оған қайтушымыз», – деп айтамыз.
Қандай терең сөз! Аллаға толықтай мойынсұнудың керемет көрінісі. Біз Оның құлдарымыз және Оның иелігінде өмір сүреміз. Егер Ол бізге нығмет берсе шүкір етеміз. Ал бізден алып қойса, сабыр
етеміз. Егер Ол бізге бір нәрсені бұйырса, біз оны бұлжытпай орындаймыз. Ал егер бізден бас тартуды талап етсе, біз оны дереу қабылдаймыз. Алланың әмірі бәрінен жоғары. Оның разылығы барлық ризашылықтан үстем. Алланың жолында болу – нағыз өмірдің мәні.
Біз ұмыт қалдырған құндылықтың бірі – жүрекпен кеңесу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сөзінде былай деп жол көрсеткен еді: «Жүрегіңе құлақ сал! Жақсылық – жүректің сол бір нәрседе тыныштық табуы». (Ахмад)
Жүрегіңді тыңда, ішкі даусыңа да құлақ сал.
материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
sunna.kz