Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти сарбаздарды бауырмалдыққа үндеді

Бас мүфти сарбаздарды бауырмалдыққа үндеді

0 146

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті.


Басқосуда Бас мүфти Отанды қорғаудың маңызы жайында айрықша атап өтті. Сонымен қатар сарбаздарды өзара жанашыр, бауырмал болуға шақырды.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға жасаған насихатының алғашқы кезеңінен бастап мұсылмандардың өзара бауыр әрі туыс екендіктерін жариялаған. Бұл біздердің өзара жанашыр, бауырмал болуымыздың қаншалықты үлкен маңызды екендігін көрсетеді.

Ғалымдарымыз бауырмалдық пен бірлікті жайқалып өскен тоғайға теңеген. Себебі, тоғай өсіп, бұтағы көбейген сайын күшті болады. Осылайша оған қатты жел әсер ете алмайтын болады. Ауызбіршілігі мен бауырмалдығы мығым елге ешқандай жамандық әсер ете алмайды» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесуде ҚМДБ Төрағасы сарбаздардың сұрақтарына жауап берді.














Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.