Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти халықаралық конференцияда баяндама жасады

Бас мүфти халықаралық конференцияда баяндама жасады

0 231

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласында «Қожа Ахмет Ясауи тағылымы – түркі дүниесінің рухани мұрасы»тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-танымдық конференцияда баяндама жасады.


Бас мүфти өз сөзінде:
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Ясауидің есімін ұлықтауға және еңбегін дәріптеуге үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында Ислам дінінің Ұлы далада таралуы мен тамыр жаюына зор үлес қосқан, түркі әлеміндегі сопылық ілімнің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи мұраларын жан-жақты зерделеп, дәріптеуге айрықша назар аудару қажеттігін атап өткен болатын. Бүгінгі игі жиынды сол ізгі бастаманың жалғасы деп есептеймін», – деп атап өтті.

Айта кетсек, конференция жұмысына Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің мүшесі, ясауитанушы-ғалым, профессор Досай Кенжетай, Түркия мемлекетінің ғалымы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры Жасым Авжы, Өзбекстан Республикасы, М.Ұлықбек атындағы Ташкент Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Нодирхон Хасан, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Мұхан Исахан, Төрәлі Қыдыр және т.б. ғалымдар қатысты.













Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.