Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жасанды интеллект этикасына қатысты халықаралық дөңгелек үстел өтті

Жасанды интеллект этикасына қатысты халықаралық дөңгелек үстел өтті

0 68

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен Баку халықаралық мультикультурализм орталығының бірлесуімен «Жасанды интеллект пен мәдени көптүрлілік: жалпыға ортақ этиканы іздеу» атты халықаралық онлайн дөңгелек үстел өтті.


Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы мен ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы қатысты. Сонымен қатар жиынға Қазақстан, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Аргентина, Мысыр және өзге де елдердің сарапшылары қатысты.

Онлайн басқосуда ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы «Цифрлық трансформация және жасанды интеллект: ҚМДБ бастамалары мен тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің құттықтау лебізін жеткізді. Сондай-ақ, Діни басқарма жүзеге асырып жатқан цифрлық бағыттағы тың жобалар жөнінде ақпарат берді.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар жасанды интеллект шешімдерін бағалау және жауапкершілікті қамтамасыз ету тетіктері, ЖИ-ды адам құқықтары мен адам қадір-қасиеті қағидаларымен үйлестіру жолдары, сондай-ақ діни және мәдени дәстүрлердің ЖИ этикасын қалыптастыруға қосатын үлесі жөнінде пікір алмасты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.