Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қызылордада ІІІ республикалық жыршы-термешілер фестивалі өтті

Қызылордада ІІІ республикалық жыршы-термешілер фестивалі өтті

0 50

Сыр өңірінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Бабалар сөзі – даналық көзі» атты ІІІ республикалық жыршы-термешілер фестивалі өтті. Шараның мақсаты – дін мен дәстүр үндестігін насихаттау, қазақ жырындағы мінәжат дәстүрінің рухани-дини мәнін кеңінен көрсету.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған фестивальға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов пен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бас мүфти өз сөзінде жыршылық дәстүрдің халқымыздың рухани өміріндегі орнын атап өтті.

Шара барысында еліміздің әр өңірінен келген жыршы-термешілер өз өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, Аманқос Садықов (Алматы облысы), Темірбек Асқамбаев (Маңғыстау облысы), Ербол Қуанбек (Жетісу облысы), Руслан Ахметов, Айдос Рақметов, Нұртілек Ақтаев, Жанболат Өмірзақ, Әділхан Қуаңбаев (Қызылорда облысы), Күнсұлу Түрікпен (Астана қаласы), Ербол Қалмырзаев (Шымкент қаласы) мінәжатқа, ізгілікке арналған жыр-термелерді шебер орындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Кеш соңында барлық өнерпаздар Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, көне діни өлеңдер мен мінәжат жырларын жаңғыртуды мақсат еткен бұл фестивальді Қызылорда облысы өкілдігі үшінші рет республикалық деңгейде ұйымдастырып отыр. Бұған дейінгі шаралар 2022 және 2023 жылдары өткізілген болатын.




















Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.