Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын» («Фатыр», 5)

«Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын» («Фатыр», 5)

0 45

«Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын» (“Фатыр”, 5).Қанша ұзақ деп ойласаң да, бұл өмір – өте қысқа. Нұх пайғамбардан: «Не үшін қамыстан үй салдыңыз?» деп сұралғанда, ол: «Бұл марқұмның (бір күні өлетін адамның) үйі!» – деп жауап береді. Ол мың жылға жуық өмір сүрді және өмірді қысқа деп санады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Менің бұл дүниеде не шаруам бар, менің дүниемен байланысым бір ағаштың астында отырып демін алғаннан кейін тұрып, әрі қарай кеткен бір жолаушының жағдайы сияқты!» – деген болатын.

Бұл дүние кішкентай, тіпті сенің көзіңше өссе де! Алланың алдында дүние масаның қанаты құрлы болса, кәпір одан су іше алмайтын еді! Дүние өткінші!

Халифа Әл-Мансұр уәзірі Раби ибн Юнусқа: «Өлім болмаса, өмір қандай жақсы болар еді», – деді. Раби оған: «Керісінше, дүниенің бар игілігі өлімде», – деді. Мансұр одан: «Бұл қалай?» – деп сұрады. Сонда ол: «Өлім болмағанда, алдыңғы халифа қайтыс болмай, саған халифат мирас болып өтпес еді!» – деп жауап берген екен…

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.