Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Үлкен-кіші қателігі жоқ кім бар арамызда?

Үлкен-кіші қателігі жоқ кім бар арамызда?

0 97

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құзырына бірде арақ ішкен адамды алып келді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): – Дүрелеңдер! – деді. Сахабалар оны дүреледі. Адамдар: – Сорлы-ай! Алла жазаңды берсін! – дескенде, Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) оларға:

– Олай демеңдер! Олай деп шайтанға көмектесіп, бауырларыңды оған жығып бермеңдер! «Алла оны кешір!», «Алла оны мейіріміңе ал!» деңдер! – деді.

Дін – жұмсақтық, мейірімділік, кешірімділік. Дін – жақсылық тілеу. Дін – жамандықтың алдын алу.

Дін – адамды Аллаға жетелеу, Алла мен адамның арасын ажырату емес. Біреуді күнә-қателігіне бола жазғыру – біздің ісіміз емес.

Үлкен-кіші қателігі жоқ кім бар біздің арамызда? Ешкім! Солай екен деп адамдарға қазылық қылмаңдар! Адамдарды Аллаға, ынсапқа шақырушы болыңдар!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.