Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әбу Ханифаның (р.а) рамазаны қандай еді?

Әбу Ханифаның (р.а) рамазаны қандай еді?

0 86

Әбу Ханифа – мәзхабымыздың негізін қалаушы ұлы тұлға, абсолютті мұжтахид ғалым. Ол жайлы айтылған жақсы сөздер өте көп. Солардың бірі: Әбу Жағфар ар-Рази (Алла оны рахымына алсын): «Мен Әбу Ханифадан артық ғалым әрі тақуа адамды кезіктірмедім»,– десе, Жағфар ибн Раийғ (Алла оны рахымына алсын): «Мен Әбу Ханифамен бес жыл бірге тұрдым. Одан аз сөзді жанды көрмедім. Ал одан бір-ақ нәрсе жайлы сұраса, ол ашылып, сел тәрізді ағылар еді»,–деп еске алады.

Ал,  Йазид  (Алла одар разы болсын):  «Тақуалық  пен  ақыл-парасаттылықта  Әбу  Ханифаға    тең  келетін адамды  көрмедім», – десе,  Әбу  Асим  Нубәйл: «Әбу Ханифа намазды қадалып көп оқығандығы үшін,  көпшілік  оны  «қазық»  деп  атап  кеткен», – дейді. Ендігі кезекте Әбу Ханифаның рамазаны жайлы сөз қозғасақ деймін.

Яхья ибн Наср: «Әбу Ханифа рамазан айында 60-қа жуық мәрте Құранды бастан аяқ толық хатым етіп шығатын» дейді. [Мәнәқиб әл-Имам Әбу Ханифа 23] Язид ибн Кумейт айтады: “Бірде бір кісі Әбу Ханифаға келіп “Алладан қорық!” – деп, айтты.

Сол кезде Әбу Ханифаның аяқ-қолы дірілдеп, бір сәтке үнсіз қалып: “Алла саған жақсылықты нәсіп етсін. Расында, адамдар осы сөзді естуге әр кезде де мұқтаж” – деп, жауап берді” Қасим ибн Мағн (Алла оны рахымына алсын) оның рамазан айындағы құлшылығын баян ете былай дейді: “Әбу Ханифа рамазан айының түндерінде Алладан қорыққан күйде, Қамар сүресінің 46-аятын таңға дейін оқи беретін.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.