Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: «Рамазан – береке мен сауап айы» зияткерлік білім сайысы өтті (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: «Рамазан – береке мен сауап айы» зияткерлік білім сайысы өтті (фото)

0 81

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Рамазан – береке мен сауап айы» зияткерлік білім сайысы өтті.

Шараны мешіт ұстазы Ерасыл Жайыров қасиетті Құран аяттарымен және әсерлі насихатпен ашып берді.

Барлығы төрт кезеңді қамтыған білімділердің додасында жеті топқа бөлінген шәкірттер бар білгендерін ортаға салып, Рамазан айына қатысты сауалдар бойынша өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқ бойы озып шыққан жеңімпаз топтарға мешіт атынан арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.