Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Досай Кенжетай: Ораза құлшылық ретінде…

0 11  499

Ораза құлшылық ретінде мұраты нәпсінің тәрбиесіне бағытталған. Кез келген құбылыстың принципі мен идеясы болады. Оразаның идеясы яғни мұраты ашығу емес. Ашығу оның ұстанымы, яғни принципі ғана. Ашығу формасы, тәннің амалы. Бірақ тәннің де жанға қалай әсер кері әсер беретіндігін осы оразадан ақ байқауға болады. Ораза өзіңді тану құлшылығы. Адамды сабырға баулитын, моральдық тұрғыдан шыдамдылыққа тәрбиелейтін ритуал осы ораза. Бұл ай жақсылық пен жамандықты, зұлмат пен нұрды, аштық пен тоқтықты, барлық пен жоқтықты, сабыр мен шүкірді, соңында өзіңді өзің салыстыру сырын сездіретін ай.
Бұл айда “тағдыр-қадар” өлшем берілді. Бұл Құран. Жамандықты да жақсылықты да осы өлшеммен өлшейміз, тартамыз, таразылаймыз. Ақиқаттың нұрын, зұлматтың жалғанынан ажыратамыз. Адамның боқ көтерген боқтың қабы екендігін де осы сынақта білеміз. Аш қалу мен тоқ болудың ешқандай адамдық өлшем емес екендігіне көзіміз жетеді. Демек адамдық таразы оның дүниеге иелігінде немесе байлығында емес, көңіл деген көлінің тұнықтығында екендігін сезінеміз. Сөз бен хәлдің де адамды анықтаушы тұғыр екендігін көреміз. Соған қарап ақ сабыр мен қобалжудың ара-жігін ұғамыз. Сонда ораза адамға адамды танытатын тәрбие-моральдық, психотехникалық, әлеуметтік және болмыстық отыз күндік сабақ екен. Бұл сабаққа қатысу немесе қатыспауға құқылысың бірақ, оның сырын басқадан естіп білу, тану, сезу мүмкін емес. Ол үшін өзің оразаны басыңнан өткізіп барып, сезінуге мәжбүрсің. Бұл да Алланың сыйы, нәсібі, екінің біріне бұйыра бермейді.

Материал автордың фейсбук парақшасынан алынды

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.