Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Нұр-Мүбәрак университетінде жаңа кітаптардың тұсауы кесілді

Нұр-Мүбәрак университетінде жаңа кітаптардың тұсауы кесілді

0 61

Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университеті қабырғасында дәстүрлі ислам бағытындағы жаңа ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті.


Аталған жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жарық көрген кітаптардың тұсауын кесті. Іс-шараға ғалымдар, оқытушылар мен студенттер жиналды.

Жарыққа шыққан монографиялар қатарында биыл 740 жылдық мерейтойы ұлықталып жатқан ислам ғұламасы Қиуамиддин Әмір Кәтиб әл-Фараби әл-Итқанидың «Манзума әд-дурар» («Маржан жырлар») атты еңбегі бар.

Сонымен қатар, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD, қауымдастырылған профессоры Ш.А. Әділбаева, аға оқытушылар М. Жолмағанбетова мен Ш. Дуанаева бірлесіп жазған «Жастарды өтпелі кезеңде дәстүрлі-рухани құндылықтарға тәрбиелеу» атты ұжымдық монография көпшілік назарына ұсынылды.

Ұжымдық еңбектер мұнымен шектелмей, PhD, қауымдастырылған профессор М.Б. Исахан және аға оқытушылар А. Сатыбалдиева мен М. Төрехановтың «Қазақстандағы мұсылман этностары – дінтанулық-әлеуметтік зерттеу» атты еңбегі де ғылыми айналымға енді.

Сондай-ақ, «Әсіре діншілдік пен шынайы діндарлық» атты маңызды монография PhD доктор Т. Имаммәди, философия ғылымдарының кандидаты К. Тышхан және аға оқытушы Е. Есімқұловтың бірлескен еңбегінің нәтижесінде жарық көрді.





Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.