Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

“Tawaf travel” қажылық сапарының бағасын жария етті!

0 2  040

Діни басқарма өкілдері “Tawaf travel” қажылық компаниясының пайда табуды көздемейтінін айтып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан биыл “Tawaf travel” қажылық компаниясы ашылып отыр. Қажылық компания биылғы жылы 300 адамды қажылыққа апармақ, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Қажылық саласындағы түрлі туристік компаниялардың ұлы қажылықты, ғибадатты туристік сапарға немесе бизнес көзіне айналдырып жібергені баршамызға аян. Осы мақсатта діни  басқарма көп жылдан бері ниет еткен қажылық компаниясы биыл құрылды. Мақсатымыз бизнеске, туристік сапарға айналған ұлы құлшылық сапарын өз деңгейінде халыққа паш ету. Жалпы, қажылыққа ниет еткен азаматтардың құлшылығын өз деңгейінде атқаруға көмектесу”, — дейді “Tawaf travel” қажылық компаниясының директоры Жәнділла Бекжігітов.

Жалпы, биыл елімізде 2,5 мың адам қажылыққа бармақ. Оның 300-ін діни басқарма жанынан құрылған аталмыш қажылық компания апаруды көздеп отыр.

“Екі қызмет пакетін ұсынамыз. Біріншісі – “Эконом”, құны — 3800 доллар. Екіншісі  – “Стандарт”, бағасы — 4200 доллар. Діни басқарманың қажылық компаниясы болғаннан кейін тек қажыға кететін шығынды шығарып алуды ұйғарып отырмыз. Ұшуы,  жататын жері, жүріп-тұруы, тамағы – осылардың шығыны шығарылып  алады. Онымен бірге топ басшысы болып имамдар барады, олардың шығыны қосылады. “Эконом” мен “Стандарттың” айырмашылығы қонақүйде ғана болады”, — дейді ол.

Бұдан бөлек, қажылық компаниясының имамдары қажылыққа ниет еткен адамдарды ұлы рухани сапарға дайындайтын болады.

Діни басқарма өкілдері “Tawaf travel” қажылық компаниясының пайда табуды көздемейтінін айтып отыр. Ол алдағы уақытта қажылық сапары үшін арзан баға ұсынатын, халыққа ыңғайлы жағдай жасайтын фирмаға айналады деген пікірде.

Биыл Сауд Арабиясына қазақстандықтар  22-26 тамыз аралығында тасымалданатын болады. Елге қажылар 6-10 қыркүйекте оралады.

Айта кетсек, биыл қажылыққа ниет еткендер Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тікелей Мекке, Мәдина және Жидда қалаларына жету мүмкіндігіне ие болып отыр.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.