Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бішкек мэрі Астана қаласының Бас имамымен кездесті

0 1  722

Елордада өткен ТМД астаналары мен ірі қалаларының халықаралық Ассамблеясының XXV сессиясына қатысқан Бішкек қаласы мэрінің міндетін атқарушы Эрнис Зарлыков «Нұр Астана» орталық мешітіне арнайы келіп, ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

IMG 4528

 

Қырғызстан республикасы астанасының басшысы келелі кездесу барысында Қазақстандағы, соның ішінде бас шаһардағы діни құрылыммен танысып, екіжақты тәжірибе алмасуды көздегенін атап өтті. Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мақсат-міндеттерімен таныстырды. Бішкек қаласының мэрі Эрнис Зарлыкович Қазақстандағы діни басқармалардың құрылымына қызығушылық білдіріп,  мүфтият жұмысына  жақсы баға берді.

IMG 4574

Сондай-ақ, бауырлас елдің мазхабы бір деп, діни бірлікті нығайтудың өзектілігіне басымдық танытты. Сондықтан  Бішкек әкімі Қазақстандағы  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті  мен медресе-колледждерде Қырғызстан студенттерін де оқытуға ниет білдірді. ҚМДБ наиб мүфтиі бұл ұсынысты жылы қабылдап, қырғыз елінің шәкірттерін оқуға қабылдау мәселесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына жеткізетінін айтты. Кездесу соңында «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мәртебелі мейманға сый-сияпат ұсынып, естелік суретке түсті.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Сохранить

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.