Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алпысбаев Рашид Абдуалиұлы

0 1  902

Алпысбаев Рашид Абдуалиұлы 1973 жылы желтоқсан айының 25-ші жұлдызы Астана қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы  Қазығұрт елді мекенінде В.И. Ленин атындағы орта мектепті тәмамдаған.

1990-1991 ж.ж. ОҚО, Шымкент қаласындағы «Қазақ баспасы» фирмасы атты медресінде.

1991-1993 ж.ж. аралығында Түркістан қаласындағы «Әзреті Сұлтан» медресесінде оқыған.

1993-1994 ж.ж. ОҚО Сарыағаш қаласындағы мал-дәрігерлік техникумында имандылық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарғаннан кейін.

1994-1995 ж.ж. Талдықорған қаласында әскери борышымды атқарып қайттым.

1995-1997 ж.ж. Жезқазған өңірі Сәтпай қаласындағы №1 орта мектепте «Араб тілі» пәнінің мұғалімі.

1997-1998 ж.ж. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жеңіс совхозында бас имам қызметін атқарған.

1998-2000 ж.ж. Алматыдағы 2 жылдық Ислам университетін.

2000-2004 ж.ж. «Нұр-Қазақ» Египет Ислам мәдениеті университетінде оқыған.

2004-2007 ж.ж. Қарағанды өңірі №1 орталық мешітінің найб имамы, 2007 ж. ҚМДБ -ның оқу-ағарту бөлімінің референті.

2007-2008 ж.ж. Алматы қ. Алатау ауданы Өжет елді мекеніндегі «Қыстаубайұлы Манас» мешітінің бас имамы.

2008-2010 ж.ж. Алматы қ. Медеу ауданы Таулы қырат елді мекеніндегі «Мекке» мешітінің бас имамы.

2010-2011ж.ж. Қарағанды өңірінің өкіл имамы қызметін атқарған.

2012 жылдан бері Астана қаласындағы «Сәдуаққас қажы Ғылмани» мешітінде найб имам қызметін атқарып келеді.

Үйленген, 2-ұл, 1-қызы бар.

Марапаттары:

2010.05.08 Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі жеткен жетістіктеріне байланысты «Жыл имамы» алғыс хатын табыстады.

2011 ж. Қазақстан Республикасының Перезидентінің жарлығы бойынша 10 қарашасында Қарағанды қаласында, 16 желтоқсан Алматыда қаласында мемлекеттік силықтын иегері атанды.

2011 ж. Қарағанды қаласы бойынша дін істері департаментінің Алғыс хаттармен марапатталған.

2010.12.01 Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті басқару инситутының «Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мәселелері» атты курсқа қатысқаны үшін сертифкат берілді

2013 ж. «Нұр-Қазақ» Египет Ислам мәдениеті университетінде өткен «Имамдардың білімін жетілдіру» курсын біріншілікпен бітіруіне байланысты марапатталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.