Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жаңа санға шолу

0 1  822

Басылымның қыркүйек айындағы санында жарияланатын материалдарды алдын ала қысқаша таныстырайық. Журнал «Отанды сүю иманнан»айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» деген мақаласымен ашылады. «Бас мүфти мінбері»айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Имам  –  Исламның  айнасы», «Дін мен дәстүр» айдарымен «Ақиқа», «Пәтуә» айдарымен «Қайғыны бөліссең азаяды»,«Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың««Мутаффифин»  сүресі», «Сахих хадистер»айдарымен «Қазына  кілті  кімде?», «Хадиске түсіндірме» айдарымен «Сауда – мақтаулы  кәсіп»,«Данадан үйрен» айдарымен «Ұстаз бен шәкірт», «Ой салу» айдарымен «Дұға білетін ешкім жоқ па?»,«Харам» айдарымен «Баспасөз арқылы ғайбаттау»,«Уағыз» айдарымен «Тепе-теңдік пен ұқыптылық»,«Сұрақ-жауап» айдарымен «Алла пенделерін не үшін сынайды?», «Мәселенің мәнісі» айдарымен «Тағдыр мәселесі туралы таластар», «Білгім келеді»айдарымен «Ислам антропологиясы», «Ислам ғұламасы» айдарымен «Хұсам ад-Дин ас-Сығнақи», «Құлшылық» айдарымен «Зікірдің мән-маңызы», «Дәстүр» айдарымен «Бата», «Тапқырлық»айдарымен «Абайдың адам танығыштығы», «Жауһар жыр» айдарымен «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» атты материалдар жарық көрді.

 

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланды. Атап айтқанда:

 

«Хикаяттар» айдарымен ««Пәтуә сұрауға келгенім жоқ…»», «Ұлағат»айдарымен «Майқы  би», «Тарихи таным» айдарымен «Ирандағы жалайырлар», «Білгенге маржан»айдарымен «Қожа руға жата ма?», «Таныстыру» айдарымен ««Нұрлы-Арасанға»  барыңыз», «Шипа Алладан» айдарымен «Шай  ішіңіз!..», «Буын ауруы» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2018 жылға жазылу басталып жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 17 жыл бойы жазылу бағасы бір деңгейде сақталды. Енді біршама қымбаттатуға мәжбүрміз. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе

жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

 

Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 3000 теңге. Журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады. Бұған дейінгідей үш айға не жарты жылға жазылу қабылданбайды. Тұтас бір жылға жазылады. Алматы тұрғындарының басылым редакциясына келіп жазылуына  болады.

 

Оқырмандар «Иман» журналына жазылу бағасын «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен біліп, жазыла алады.

 

Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.

 

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда “Иман” журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

 

«Иман-Сенім»  ЖШС реквизиттері

 

БИН 120940011498

 

Р\С   KZ 288560000005684077

 

АО    «Банк Центр Кредит»

 

БИК  KCJBKZKX

 

KBE  17

 

РНН  600900658515

 

050016,  Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

 

Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады: 8 (727) 397 63 84, 397 63 91,  +7 778 948 74 10

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.