Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Хазіреті ОМАРДЫҢ ӘДІЛЕТТІЛІКТІ БІР АУЫЗ СӨЗБЕН ЖЕТКІЗУІ

0 2  492

Хз. Омар Халифа болған тұста, Шам қаласының әкімі және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) достарынан болған Сад бин Аби Уаққас (р.а) Шам қаласындағы бір мешіттің ауласын кеңейтіп, ғимаратын жөндеуден өткізгісі келеді.

Осындай игі амалдарға байланысты мешіттің айналасындағы жерлерді мемлекетке қайта сату жұмыстарын қолға алады. Мешіт айналасындағы халық өз қалауларымен жерін сатып, мешіттің меншігіне өткізіп береді. Алайда, мешітке жақын орналасқан бір Еврей азаматы жерін сатқысы келмейді. Әкім жердің құнынан артығымен берсе де, бұл бағаға разы емес екенін білдіреді. Бұны естіген әкім Сад бин Аби Уаққас жерді тәркілеп, құнын жөнелтіп жібереді.

Жері қолынан алынған еврей азаматы, көршісі болған бір мұсылманға «Маған әділетсіздік жасалды» деп мұңын айтады. Сонда көршісі, «Мәдина қаласына бар! Сол жерде Халифа Хз. Омарға барып басыңнан өткен оқиғаны айт! Хз. Омар ең әділ Халифа, сені тыңдап, дертіңе дауа табарына сенімдімін».-дейді. Еврей көршісінің бұл сөзін құп көріп, жолға шығады. Жол азабынан шаршап-шалдығып Мәдинаға жетіп, Халифаны сұрастырады. Мәдина халқы бір құрма ағашының көлеңкесінде демалып отырған Хз. Омарды көрсетеді. Бұны көрген еврей «Бұны кім тыңдар, қарапайым адам ғой» деген үмітсіз ойда болады. Шамнан осы жерге дейін келген соң, барып айтып көрейін деген еврей Халифаның қасына барып, сәлем беріп, басынан өткен оқиғаны айтады. Халифа тыңдап болған соң, бір терінің үстіне мына үш сөзді жазады. «Білесің ғой, мен Нушириваннан да әділ екенімді» бұны алып, Сад бин Аби Уаққасқа бер дейді.

Сонда, еврейдің үміті одан сайын азайып, бұл жерде айтылғандар менің дертіме қалай дауа болады, біздің әкімнің қасында қарапайым болған Омардың сөзін тыңдар ма екен деген оймен, Шам қаласына оралады. Алайда, Шам қаласының әкімі Сад бин Аби Уаққастың алдына барғысы келмей, «бәрібір тыңдамайды» деген ой оны қатты мазалайды. Десе де, әкімнің алдына барып; «Мәдина қаласындағы Халифа Омардың сізге сәлемі» деп қолындағы теріге жазылған жазуды береді. Әкім бұл жазуды оқығанда қып-қызыл болып, тұрған жерінде жүзін жерден алмастан, біраз уақыт үнсіз қалады. Болмысын жоғалтқандай кейіпте басын әрең көтеріп, тілі күрмеліп «Сенің жерін өзіңе қайтарылатын болады» дейді.

Сонда, аң-таң болған еврей азаматы, бір ауыз сөздің құдыретін түсінбей, әкімді осынша қобалжытып, райынан қайтаратындай не болды екен деп, ойдың тұңғыйығына батып кетеді. Күтпеген жерден «Әкім мырза, бұл сөздің мағынасын маған да түсіндіресіз ба, сізді осынша сары уайымға салғанына қарағанда, құдыретті бір сөз болғаны ғой» дейді өтініп.

Күлімсіреп, қайта жүзіне күлкі ұялап, сабырлы кейпіне қайта түскен Сад бин Аби Уаққас «Олай болса бұл үш ауыз сөздің хикаясын айтып берейін, содаң сон барып менің неге осыншама әбігерге түскенімді түсінерсің»,-дейді.

Ислам діні келместен алдын, қазіргі халифа Хз. Омармен бірге Иран жаққа сауда үшін бардық. Біздің 200 түйеміз болатын. Сол жерде жастар арасында дарт ойыны болып жатыр екен, бізде тамашалап тұрғанымызда, бір қарақшы топ түйелерімізді күштеп қолымыздан тартып алып қойды. Қалтамыздағы қаржыдан айрылып, көңіл күйіміз болмай, жататын жер іздеп жүріп, ескі бір мейманхана таптық, басымыздан өткендерді айтып едік, бізге жататын жай беріп, дастарханын жайды. Содан бізге бұл оқиғаны патшаларына барып айтып көмек сұрасаңдар міндетті түрде сендерге көмек береріне сенімдімін, біздің патша ең әділ патша деп мақтанып, бізге көп оқиғалар айтып берді. Бізде ертесі күні патшаның алдына барып, басымыздан өткен оқиғаны айтып көмек сұрадық. Біздің сөзімізді бір аудармашы патшаға аударып берді. Патша Нушириван үнсіз тыңдаған соң, бізге бірер алтыннан беріп, оқиғаны талқылайтынын айтып, бізге елдеріңе қайтыңдар деп шығарып салды. 

Түнеп шыққан мейманханаға қайта келдік. Бізді патшаға жіберген бұл жердің иесіне, патшаның бізбен қарым-қатынасын айтып бердік. Тыңдап болған соң, мейманхана иесі; «Бұл жерде бір қате бар,-деді де,-жүріңдер бірге барайық, мен сендерге аудармашы болайын»,-деді. Бізде амалсыздан артынан еріп отырдық.

Мейманха қожайыны патшаға біздің басымыздан өткен оқиғаны егжей-тегжей түсіндіріп берді. Патша тыңдап отырып, жүзі қызарып, ашуға булықты. Бізге аудармашы болған адамды шақыртып бірнеше сұрақ сұрады. Орнынан ашумен тұрған патша бізге «Екі-екі кесе алтыннан беріп, түйелеріңді кешке дейін аласыңдар, түйелеріңді алып ертең таң атысымен елдеріңе кетіңдер. Кетерде, біреуің қаланың шығыс жақтағы есіктен шық, екіншің батыс жақтағы есігінен шық»,-деп, екеумізге қаланың екі есігінен шығуымызды әміретті. Бізде еш нәрсе түсінбей,патша сарайынан шығып мейманханаға бардық.

Кешкісін түйелерімізді есігіміздің алдына дейін әкеліп беріп кетті. Мейманханашыға барып, патшаның біріншісінде жауабын талқылайтынын айтып шығарып салған еді, екіншісінде барғанымызда түйелерімізді қайтарып берді. Бұл қалай болды деп сұрадық. Мейманханашы болса, былай деп жауап берді: Сендердің түйелеріңді күштеп тартып алған қарақшылардың басшысы Нушириван патшаның үлкен баласы мен уәзірі болатын. Бұлар бір қарақшы топ құрып, сырттан келгендердің малдарын тартып алып қоятын. Сендер патшаға бірінші күні барғанда, аудармашы бұны біліп Нушириванға сөздеріңді бұрмалап жеткізген. Патшаның баласы мен уәзірін қорғау үшін. Ал, екінші күні мен сізбен бірге барып оқиғаны түсіндіргенімде патша бұл қарақшылар тобын біліп қойды. Неге екі есіктен шығыңдар дегенін, менде оны түсінбедім, деді. Бізде «таң атсын, шығарда көрерміз» дедік. Хз. Сад бин Аби Уаққасқа еврей «Содан кейін не болды»,-деп тыпыршып сұрады. Ертеңіне таң атты, екеуміз түйелерімізді алып Хз.Омар батыс жақтағы есіктен, мен шығыс есігінен шықтық. Есіктің шығаберісінде, екі адамның дарға асылып тұрғанын көрдім.

Жергілікті халық жиналып қарап тұр екен, қастарына барып: «Бұлар кімдер не кінәлары бар еді»,-дедім. Арасынан біреуі: «Бұның біреуі Нушириван патшаның үлкен баласы, екіншісі уәзірі. Бұлар осы қалаға келген екі араптың мал-мүлкін күштеп тартып алғаны үшін берілген жазалары. Біздің патшамыз Нушириванның әділдігі сондай, өз ұлының көз-жасына қарамастан дарға асты»,-деп жауап береді

Хз. Омардың шыққан есігінен де, біздің сөзімізді патшаға бұрмалап жеткізген аудармашының асылып тұрғанын көрдік.

Хз. Омардың бұл сөзі «Сенің көз-жасыңа қарамаймын, Нушириван патшаның баласының көз-жасына қарамағанындай»,-деп, мені ескерткені. Енді түсіндің ба, менің жүзімнің қызарғанын»,-дейді

Бұл оқиғаны мұқият тыңдаған еврей азаматы, мешітке бергісі келмеген жерін қарсылықсыз, ризалығымен беріп, артынан мұсылман болады.

Жұманазар Садырханов

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің бас имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.