Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ: «ДІНИ ІСТЕР ЖӘНЕ ТАЛДАУ» БӨЛІМІ ҚМДБ ЖҰМЫСЫНА СЕРПІН БЕРУІ ТИІС

0 1  993
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен мүфтияттың Діни істер бөлімі қайта құрылып, «Діни істер және талдау» бөлімі болып ашылды. Бөлім меңгерушісі қызметіне Камалжан Тұрдыбаев тағайындалды.

«Ғаламтормен жұмыс» секторы осы бөлімнің қарамағында қызмет етпек. Мұрат Әбдіхалықов сектор меңгерушісі болып бекіді.

Діни істер және талдау бөлімі ҚМДБ-ның сан-салалы қызметіне талдау жасап, стратегиялық бағдарламалар мен жобаларды ұсынады. Дін қызметкерлерін аттестациядан өткізу шарасын үйлестіреді. Олардың ҚМДБ бекіткен негізгі бағыттар бойынша жұмыстарына мониторинг жасайды. Сонымен қатар, имам-молдалардың білімі мен тәжірибесін арттыру бағытында республикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда Ислам игілігі үшін ғаламтор мен әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану – маңызды жұмыстардың бірі. «Ғаламтормен жұмыс» секторы ақпараттық діни кеңістікті дұрыс діни мағлұматтармен толтыру бағытында тиісті шараларды жүзеге асырады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру мақсатында бөлім меңгерушісіне нақты тапсырмалар берді. «Бұл бөлім ҚМДБ жұмысына серпін беруі тиіс», – деп атап өтті ҚМДБ төрағасы.

Сондай-ақ, Бас мүфти сектор меңгерушісіне ғаламтор бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.