Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ ЖАМБЫЛ АРТЫҚБАЕВ: «ПЕРҒАУЫН ИМАНМЕН ӨЛДІ МЕ?»

0 7  123

С.Ғылмани өзінің жас кезінде басынан өткен бір дауды баяндайды. Даудың басы- «Перғауын иманмен өлді ме?» деген сұрақ. «Мен бір уақытта Риза ад- дин Фахр ад-диннің (татар ғалымы және ақыны-Ж.А.) Ибн Араби хақында «Мәшһүр ерлер» деп жазған рисаласын Олжабай марқұм (Олжабай Нұралыұлы-ақын және қоғам қайраткері-Ж.А.) үйінде оқып отырып, сол заттың «Перғауын иманмен өлді» деген жерін әңгіме қылыстық. Біз кеткеннен кейін Олжабай марқұм осы сөзді қуаттап «Мұны біздің үйде сол Қалпе оқыды» деп сөз қылғаны болған. Әңгіме Ибн Арабидікі, оны еріккен Олжабай таратып мұны оқушы, қуаттаушы мен болып, молдалар менің өзімді сол Перғауынға туысқан қылып, кейі қаралап, кейі жақтап, кейі сөгіп, мәселені жадырғаны бар емес пе ?». Осы теологиялық таластар туралы қазіргі дінтанушы мамандарымыз хабардар ма ? Әрине, Перғауынның заманы баяғыда өткен, бірақ ел, патша, иман мәселелері ешқашан өлмейді. С.Ғылмани «Перғауын әділ еді, ал әділдік Алланың бір сипаты» дейді. Сіздер осыған келісесіздер ме, әлде тойтармаларыңыз (раддия) бар ма?

***

1965 жылы С.Ғылманиға жазған хатында «Ендігі қысқаша бір сөзім, ғұмырдың аз бен көбі Аллаға мағлұм, бізге күмән, ләкин жан тәнде тұрған болса бірнеше кездескен болармыз, егер өлшеудің шетінен шығып қалсақ, бақыл болайық,- дей келіп Шахимардан Есейбақұлы деген қария былай дейді: – өздеріңіз отырған Алматы қаласының атырабында Қазақ -Ұлы жүз- Үйсін-Жалайыр атанатын елінде көп оқыған әм жаратылысында ақындық қаситеті бар Қабиболла деген елге мәшһүр Абайлар қатарында адам болады екен….Сол кісі жас шағымда түсімде көрдім деп төменде жұмбақ сөздер жазады. Әл-хал сол жұмбақты біздің Бабасан ішінде Балтаның ұлы Бимырза деген адам саудамен Жетісуға барып жүргенде алып келді», -деп жұмбақ өлеңді және оны шешкен Ысқақ хазірет Бердіқожаұлының өлеңін жолдаған екен. 
Жұмбақ қара өлеңмен «Бір үлкен көрдім түсте ғазим шаһар, Қойылған төрт нәрседен кірпіші бар» деп басталады, оның жауабын кім табар екен?

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.