Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ТӘУЕКЕЛ ТҮБІ ҚАЙЫРЛЫ МА?

0 5  068
Қазақта Нартәуекел деген сөз бар. Тәуекел ету дегеніміз бір іске тек Аллаға сыйыну арқылы ғана қол жеткізу болып табылады. Балаларымыз «Нар тәуекел — ер ісі»,  «Ер жолдасы — тәуекел» деген нақылдар қалдырған.

Тәуекел түбі-жел қайық,

Мінерсіңде өтерсің.

Қайғыңың түб-тұңғиық

Түсерсіңде кеткерсің

-деп аталарымыз, қашанда Алла жолында тәуекел іске барды айтып өткен.

Ислам дінінде бір Аллаға тәуекел ету туралы тамаша толғамдар бар.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Һуд» сүресінің 123 аятында: «Көктердегі және жердегі сырды білу Аллаға ғана тән және барлық іс Оның алдына барады. Құдайға құлшылық ет, Оған бел байлап тәуекел ет. Алла Тағала барлық істеріңнен толық хабардар»-деп, тәуекел етудің қыр-сырын баяндаған. Әр істе тәуекел жасап, тек Ұлы жаратушыға сеніммен қарауды бұйыр ған.

Құран кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 11 аятында: «Мүміндер тек қана Аллаға тәуекел етсін» – деп нақты айтып өткен.

Осы аят арқылы Ұлы құдірет иесі Алла Тағаланың сансыз нығметтерді беруші екендігіне көзімізді жеткіземіз.

 Тағы да Құранда:«Аспандар мен жердің құпиясы Аллада. Əрі істеріңнің барлығы оған қайтарылады. Оған құлшылық ет жəне Оған жүгініп, өзіңді тапсыр. Сендердің Раббыларың не істеп жатқандарыңнан бейғам емес» (Һуд сүресі, 123-ші аят) деген. Осыған қарап, әр істі тек нығметтер беруші Ұлы Аллаға ғана тапсырып, тәуекел етудің маңзын біле аламыз.

Алла Елшісі (с.ғ.с) өз ғибратты хадистерінде:

«Кімде-кім үйінен шығар кезде «Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім, Алладан басқа күш те, қуат та жоқ» десе оған Алла тарапынан «тура жолға түсірілдің, бар қажеттіліктерің қамтамасыз етілді және қорғауға алындың» деп өсиет еткен.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тап болған бір жайтта «Түйемді байлайын ба, әлде тәуекел етейін бе?» депсұраған бір адамға «түйеңді тұса, сосын тәуекел ет!» -деген еді.

Соған қарап тәуекел етудің де өзіндік жолдары бар екендігін шамалаймыз. Демек, есепсіз, жоспарсыз тәуекел етуге болмайды.

Алла қашанда жақсылыққа жақтас екендігін есте шығармайық.

Аманкелді Жарасов.

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы, «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.