Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ БАЛА ТӘРБИЕСІ ЖАЙЛЫ НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

0 3  132

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Нұр Астана» орталық мешітінде алғашқы жұма уағызын айтты. Бас мүфти жамағатқа Исламдағы бала тәрбиесі жөнінде салиқалы әңгіме өрбітті.

«Алла Тағаланың аяты мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты жолы өркениет пен тіршіліктің дамыған, ақпараттың жылдам таралған кезеңінде де заман көшінен қалмайды. Пайғамбарымыз айтқандай, ешкім ұрпағына тәрбиеден артық дүние қалдыра алмайды. Мал-дәулеттің, ризық-несібенің, мансаптың өлшемі бар. Кезі келгенде ол да таусылады. Ал, тәрбие жүрекке қонады. Ата-ана алдындағы бірінші міндет – балаға жақсы ат қою. Сән қуып мәнсіз есім таңдасақ, Алла елшісінің сүннетіне қайшы келеміз. Екіншіден, баланы жастайынан көркем әдепке баулу керек. Ал, балиғатқа жеткенде үйлендіру қажет», – деп атап өтті Бас мүфти.

Сонымен бірге көпшілік алдына ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы шығып, жамағатқа жүрекжарды лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы соңғы төрт жыл көлемінде «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды. Жуырда Бас мүфти бұйрығымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.