Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЖАСТАРЫН ҚОЛДАУ ҚОРЫНЫҢ ҰЖЫМЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

0 4  143

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Қазақстан – 2030» қазақ-түрік жастарын қолдау қоғамдық қорының төрағасы Махмұт Хаққы Сезер мырзаны қабылдады.

Қор төрағасы ресми қабылдауға уақыт бөлген Бас мүфтиге айрықша алғысын жеткізді. Кездесуде Қазақстан мен Түркия діні бір, түбі бір бауырлас ел екендігі сөз болды. Делегация жетекшісі Қазақ Елінде Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосып жатқан қордың жұмыстарына тоқталды. Еліміздегі бірнеше медресе мен имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының жүйелі жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді.

ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы мүфтияттың сапалы діни кадр даярлау жұмыстарына үлес қосып келе жатқан «Қазақстан – 2030» қазақтүрік жастарын қолдау қоғамдық қорының ұжымына жылы лебізін білдірді.

«Қазір Қазақстан мен Түркия мұсылмандары діни басқармалары арасында әріптестік байланыс күн санап артып келеді. Біздің имамдарымыз бауырлас елдің іргелі діни оқу орындарында білімін жетілдіруде. Біздің дін қызметкерлеріне мұндай мүмкіндік жасаған түркиялық әріптестеріме, оның ішінде Бас мүфти Әли Ербаш мырзаға ризашылығымды білдіремін», – деді Серікбай қажы Ораз.

Кездесу соңында тараптар діни-рухани бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жайлы уағдаластыққа қол жеткізді.

 ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.