Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ПРОФЕССОР АННЕМАРИ ШИМЕЛ: МҰХАММЕД (с.ғ.а) – “НҰРЫН ШАШҚАН КҮН”…

0 2  633

Дүниеден озған неміс исламтанушысы, профессор Аннемари Шимел: «Құдай Тағала ерекше заман және мекенмен шектелмейтін нұрды пайғамбар арқылы әлемге шашты».

Ол-жарық беруші шырақ. Ғайып әлемінен әшкере болып, жаратылыс әлемінде көрініс тапты. Осы нұр Адамның бойында, содан кейін өзге пайғамбарларда пайда болды. Мұхаммедтің бойында кемеліне жетіп, жаратылыс әлемі сол арқылы кемелденді» деген екен. «Әй, Пайғамбар! Сөз жоқ, сені бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік. Алла жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік». («Ахзаб» сүресі, 45-46- аяттар).

Жылдар бойы жаңа надандық адамзаттың ұлы тәрбиешілері мен жол нұсқаушылары, әсіресе Ислам пайғамбарын (с.ғ.с) нысанаға алып отыр. Бұл сценарийдің Еуропа мен Америкада қайталануы «Батыс қазір қайда бара жатыр?» деген сұрақ төңірегінде нысапты ойшылдарды алаңдатып отыр. Расында, неліктен Батыс үкіметтері мен БАҚ-тары ахлақ пен рухани құндылықтарға осылайша арсыздықпен шүйлігіп отыр? Германиялық шығыстанушы, профессор Аннемари Шимел – Батыстағы нысапты ойшылдардың бірі. Оның сенімінше христиандар ақылсыздықпен мұсылмандардың арасында реніш тудырып жатыр. Өйткені, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) – жер шарында ең табысты діни қозғалысты қалыптастырған елші. Ол бақыт жолын тапқысы келетін әр адам үшін ең үздік үлгі, өнеге. Ғасырлар бойы оны құрметтеп, қастерлеген адамдар аз емес. Ол ең шарапатты лақаптарға ие болған. Осы пайғамбар (с.ғ.с) өмір үшін мәңгілікке игі үлгі болып табылады. Адамзаттың ұлы тұлғалары әдетте екі жол арқылы танылады. Бірі олардың қалдырған еңбектері мен мұраларын бағамдап, сараптау. Алла елшісінің (с.ғ.с) үлкен мұғжизасы – Құран Кәрім ол хазіреттің хақтығы мен рухани тұлғасының көрінісі болып табылады. Өзге бір жолы – сол тұлғалар туралы танымал адамдар, философтар мен ойшылдардың еңбектерінде айтқандарына жүгіну. Хазірет Мұхаммед әлемді өзінің асқақ ойлары мен көзқарастарының әсеріне бөлеген ерекше рухани артықшылықтарға ие, ас озат тұлға болып табылады. Ол – жаратылыс топтамасындағы жарқын нүкте. Пайғамбар (с.ғ.с) адамзат өмірінің сахнасына таңғажайып ықпалын тигізуіне байланысты мәңгі-бақиға қалған. Ойшылдар Алла елшісінің (с.ғ.с) жарқын ақиқатын елемей отыра алмайды. Шимел ханым Алла елшісін (с.ғ.с)«нұрын шашқан күн» деп атап, өзінің «Мұхаммед – Алланың елшісі» атты кітабында былай деп жазады: «Құдай Тағала ерекше заман және мекенмен шектелмейтін нұрды пайғамбар арқылы әлемге шашты. Ол – жарық беруші шырақ. Ғайып әлемінен әшкере болып, жаратылыс әлемінде көрініс тапты. Осы нұр Адамның бойында, содан кейін өзге пайғамбарларда пайда болды. Мұхаммедтің бойында кемеліне жетіп, жаратылыс әлемі сол арқылы кемелденді». Шимел ханым содан кейін мына мәселеге назар аудартады. Пайғамбардың (с.ғ.с) адамзаттық келбеті оның рухани ақиқатымен үндес және үйлесімді болып табылады. Мистиктер көркем әдеби және мистикалық сөздерінде Мұхаммедтің нұрынан шабыт алып, оның адами ерекшеліктерін дәріптеген. Профессор Шимел «Мұхаммед – Алланың елшісі» атты кітапта Батыстың «осы илаһи Елшіге (с.ғ.с) деген кекшілдігі мен өшпенділігін қайғылы» деп атаған. Ол осы еңбегінде Ислам пайғамбарының рухани және адами келбетін көрсету арқылы Батыс халқының осы тұлғаға қатысты бұрыс түсінігін түзетуге тырысып, Алла елшісін «рақымдылық пен достық пайғамбары» деп таныстырған. Шимел ханым өз кітабының бір тарауында былай деп жазады: «Құдай тарапынан халықты тура жолға салу үшін жіберілген кісінің өзі дәріптелген және асқақ сипаттарға ие болуы керек. Мұхаммед (с.ғ.с) балалық шақтан Меккедегі пұтқа табынушылықтың жағымсыз әдеттері мен рәсімдерінен бойын аулақ ұстап, достарының ойындарына қатысудан бас тартатын. Ақиқатында Мұхаммедтің (с.ғ.с) соңына еру мына тұрғыдан маңызға ие: ол қателік пен ағаттықтан таза еді. Ешқашан пәк жанының күнәмен ластануына жол бермейтін. Мұхаммед (с.ғ.с) нәпсі талаптарын ауыздықтаған кемел жан болып табылады. Өмірінің барлық мезеттерінде дұрыс ойланып, әрекет ету арқылы Алланың тағылымдарын орындап, шайтанды өзінің жеңілмес талабына мойынсұндырды. Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с) ой теңізіне батып, сол замандағы діндерден аса жоғарырақ нәрсені іздестірді. Кенеттен оған илаһи уахи түсті. Мұхаммедтің өзіне тән ерекшеліктері бар. Данышпандар ол хазіреттің асқақ мәртебесін құрметтеп, қастерлеу үшін оны әміршілер, саясаткерлер және дүниедегі қоғам қайраткерлерімен салыстыруға болмайтынын баса айтады».

Шимел ханым Ислам өркениеті мен мәдениетіне барлық қырынан махаббатын танытатын. Ол Ислам мәдениеті мен мистикасы және Ислам әлемінің танымал тұлғалары туралы жүз томнан астам кітап пен мақала жазды. Ол 1961-ші жылдан бастап Германияның Бон қаласының университетінде исламтану пәнін оқыта бастады. Төрт жылдан кейін оған Гарвард университетінің исламдық-үнді кафедрасын басқару жауапкершілігін мойнына алу ұсынысы жасалды. Ол 1967-ші жылы осы университетте исламдық мистика мен әдебиетті оқытты. Осы танымал неміс зерттеушісі Ислам мәдениеті мен өркениеті туралы терең зерттеулерінен кейін Исламды пайғамбардың (с.ғ.с) үлкен сыйы деп атап, Батыс БАҚ- тарының шулы кеңістігінде: «Мен үшін Батыс орталықтарының Ислам дініне теріс көзқараспен қарайтыны аса өкінішті. Ислам асқақ мәртебеге ие. Оған ұқыптылықпен назар аудару қажет. Мұхаммедтің (с.ғ.с) діні миллиондаған адамның жүрегін өзіне баурап алған. Бұл – бейбітшілік, тыныштық және әділет діні. Ислам діні лаңкестік пен адам өлтіруді айыптайды».

Профессор Шимел сабақ беру мен зерттеу жасау жылдарында нәзік сөйлемдер қалпында өзінің ардақты Ислам пайғамбарына ықыласын білдірді. Ол «Мұхаммед  Алланың елшісі» (с.ғ.с) атты кітабына жазған кіріспесінде былай дейді: «Бұл еңбек  Ислам пайғамбарының (с.ғ.с) тұлғасына қырық жыл қызығушылығымның жемісі. Пайғамбарды (с.ғ.с) және оның асқақ мәртебесін қастерлеу тақырыбына және оны әдебиетте, әсіресе поэзияда жаңғыртуға деген ынтықтығым бірнеше мақала жазуға жетеледі. Кітаптарымның неміс баспагері мені мақалаларымды пайғамбарды қастерлеу жөніндегі кітап түрінде шығарып, оның көркемдіктерін сипаттауға ынталандырды».

SUNNA.KZ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.