Су тасқынынан зардап шеккендерге ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі – «Нұр Астана» орталық мешіті «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық керуені акциясын жариялады.
Биылғы көктемдегі қардың жылдам еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында қар суы көтеріліп, біраз ауылды аймақтарды су басып, орасан шығын келтіруде.
Акцияға үлес қосамын деген азаматтар Астана мешіттерініңқабылдау орындарына немесе төмендегі байланыс телефондарына хабарласа алады.
ummet.kz