Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ДІНИ БАСҚАРМАДАН ГӨРІ МҮФТИЯТ ДҰРЫС БОЛАР – БАС РЕДАКТОР

0 8  003
«Президент және халық» газетінің Бас директор – Бас редакторы Марат Бәйділдәұлы Тоқашбаев Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесу кезінде осылай деді.

Белгілі қаламгерлдің айтуынша, алғашқы ресми қазақ дін адамы 1918 жылы Алашорда үкіметі тағайындаған Ғұмар Қараш болатын. Ол қазилық қызметін ұзақ жалғастыра алмады. Дінді мойындамайтын Кеңес өкіметі молда, имам, жалпы діндарларға қарсы аяусыз күрес жүргізді. Бірақ Ұлы Отан соғысы жылдарында өзінің дінге қатысты қатаң ұстанымдарын жұмсартып, оң көзқарастарға көшті.

«Соның арқасында 1943 жылы Орталық Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (САДУМ) құрылған. Кеңестік бес мұсылман республикасын біріктірген діни басқарма кеңестік форматта басқарылғаны сөзсіз. Оған басқарма төрағасы, мүфти Эшон Бабахан ибн Абдулмажидханның Кремльде болып, И.В.Сталинмен кездескені дәлел.
Қазақстан қазиаты ұзақ жылдар САДУМ-ның құрамында жүрді. Тек 1990 жылы 12 қаңтарда Рәтбек қажы Нысанбайұлының бастамасымен Қазақстан қазиаты Орталық Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасынан бөлініп шығып өз алдына бөлек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болып құрылды. Міне, содан бері 28 жыл өтіпті.
Бүгінде ҚМДБ еліміздің 15 миллионнан астам мұсылмандарын біріктіріп отырған үлкен құрылымға айналды. Алайда ол бұдан 75 жыл бұрын кеңестік жүйе құрған қасаң қалыпта өмір сүріп келеді. Меніңше, оны баяғы кеңестік діни басқарма түрінде емес, Қазақстан мұсылмандарының мүфтияты түрінде қайта құрған жөн деп ойлаймын. Заман өзгерді, адам өзгерді. ҚМДБ да мүфтият болып өзгергені дұрыс! Тіпті мүфтилік деуге де болады», – деді «Президент және халық» газетінің Бас директор – Бас редакторы Марат Бәйділдәұлы Тоқашбаев.

 www.muftyat.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.