Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау акциясы ұйымдастырылды

14 нау 2018 5 980 рет оқылды
Су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау акциясы ұйымдастырылды

Су тасқынынан зардап шеккендерге ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша  өкілдігі - «Нұр Астана» орталық мешіті  «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық керуені акциясын жариялады.

Биылғы көктемдегі қардың жылдам еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында қар суы көтеріліп, біраз ауылды аймақтарды су басып, орасан шығын келтіруде.

«Жақсылық жасаңдар, сонда, әрине, құтыласыңдар[22-77]» - деп Алла әмір еткендей, осынау қиын жағдайға тап болған ағайынға көмек қолын созып, демеу болу баршамыздың борышымыз.

Акцияға үлес қосамын деген азаматтар Астана мешіттерініңқабылдау орындарына немесе төмендегі байланыс телефондарына хабарласа алады.

 ummet.kz