Астана қалалық “Шейх Кунта қажы” мешітіне бас имам Наиб мүфти “Шейх Кунта қажы” мешітінің жаңадан тағайындалған бас имамын жамағатқа таныстырды, деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфтидің тағайындауын жеткізіп, Ережепов Сәбит имамды жамағатқа таныстырды. Сонымен бірге, С.Әзімбекұлына сәттілік тіледі.
“Сәбит имамға құтты болсын айтамыз. Мынау қызмет жауапкершілігі үлкен. Әуелі Алланың алдындағы жауапкершілік бар. Алла сізге жар болсын. Жамағатыңызға шынайы бір махаббатпен, шынайы бір сыйластықпен, ықыласпен қызмет етуді нәсіп етсін. Қасиетті Шағбан айында Рамазан айының қарсаңында тағдырыңызда осындай өзгерістер болып жатыр. Алладан сәттілік тілеймін”, – деді наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.