Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларының зерттеу орталығы ұйымдастырған семинар жұмысына Астана қаласындағы сегіз мешіт имамдары мен діни қызметкерлер қатысып, аталмыш тақырып бойынша пікір алмасып, өзара тәжірибе алмасты. Бүгінгі таңда халық бірлігіне сызат түсіруге талпынып, имандылық жолын іздеген албырт жастарды шырмап алған діни ағымдармен күрес шаралары, олардан жастарды қайтару жолдары талқыланып, орталық мамандарының баяндамалары тыңдалды.
Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.