Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алланың көркем есімдері-2

0 11  955

الرَّحْمَنُ

Ар-Рахману – Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Алла тағала мүмин-мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ ол адам қаталдықтан арылады.

Ар-Рахман – осы дүниедегі барлық тіршілік атаулына түсірілетін мейірімі. Кәпір болсын, мұсылман болсын бәріне бірдей Алланың мейірімі беріледі. Себебі Құран аяттарының көбінде жалпы жаратылыс айтылған кезде соңында осы ар-Рахман есімі айтылады. Құранда Рахман сөзі 57 рет кездеседі.

SUNNA.KZ

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.