Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алланың көркем есімдері-1

0 10  286

الله  Аллаһ – Оның (Алла тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.

«Алла» сөзі жеке бір есім болып, ешқандай тілге аударылмайды және ешбір тілде «Алла» сөзінің орнына қолданылатын сөз жоқ. Себебі, «Алла» сөзі тек Алла үшін қолданылады, және бұл сөздің көпше түрі не мағыналық басқа да нақты баламасы болмайды.

Құрандағы Алла ұғымын білдіретін «Иләһ», «Мәулә», «Рабб» сөздерінің өзі Алла сөзінің тікелей мағынасын бермейді. Сол секілді қазақ тіліндегі «Құдай», «Тәңірі», сөздері де Алла атауының орнына дәлме‑дәл келмейді. Ал бұл терминнің араб тіліндегі баламасы ретінде – «Иләһ», «Рабб», «Мәулә» сөздерін айтуға болады. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай бұл сөздер де «Алла» сөзінің орнын қай тұрғыдан да болсын (семантикалық не грамматикалық) алмастыра алмайды.

SUNNA.KZ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.