Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

400 кәуәп таратылды (фото)

0 2  227

21-тамыз. Астана. SUNNA.KZ – «С.Ғылмани» мешітінде 200 айттық дорбасы, 400 кәуәп таратылды.

Күллі мұсылман қауымның қасиетті мейрамы Құрбан айттың құрметіне, еліміздің барлық мешіттерінде алуан-алуан ізгі шаралар атқарылып жатқаны белгілі. Осындай игі шараның бір парасы – Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де жалғасты.

Биылғы жылды Мүфтият аясында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Ислам және отбасы» жылы деп  жариялған болатын. Осынау қайырлы бастаманы қолдап, қуаттау және қасиетті Құрбан айт мейрамын көңілді һәм заманауи қажеттілікке сай өткеру мақсатында, аналар мен балаларға көбірек көңіл бөлінді.

Осыған орай, ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторына қарасты «С.Ғылмани» мешіті жанынан құрылған «Аналар» мекетебінің ұйымдастыруымен, әлеуметтік жағдайы төмен (мүгедек, зағип, жалғыз басты ана, көп балалы ана) отбасылардан құралған 200 бүлдіршінге айттық дорбасы таратылды. Және аналар қауымына 400 кәуәп таратылып, арнайы жайылған айт дастарханнан айттап қайтты.

Жиналған жамағатқа «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Бағзат Ақжол аналар мен балалардың еңсесін көтеріп, имани рухын оятар тағылымды сөз сөйлеп, жамағатты айтпен құттықтады.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.