Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ (фото)

0 2  709

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан төрт бағыттың бірі – оқу-ағарту жұмысы. Сонау сахабалар салған, бабалардан жалғасқан оқу-ағарту ісі Мүфтияттың басты бағыттарының бірі. Сондықтан да еліміздегі барлық мешіт-медреселерде оқу-ағарту жұмыстары қарқынды дамуда. Осы ретте, Астана қаласындағы базарға жақын, жұрт көп жүретін жерлердегі мешіттердің оқу-сауатын жандандыра түсу және жамағат арасындағы берекелі байланысты нығайта түсу мақсатында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымтасыруымен және наиб имамдар мен ұстаздардың атсалысуымен әр түрлі спорттық жарыстар өтікізіліп келеді.

Осыған орай, Қасиетті мәуліт айының құрметіне, Астана қаласы Қазақ күрес федерациясының қолдауымен, «АТЭК» колледжінің спорт залында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер және жамағат арасында 54, 64, 74, 84, +90 келі салмақ бойынша 77 балуан бақтарын сынады. 120-дан астам көрермен белсенді жанкүйер болып, доданың көрігін қыздыра түсті.

Шара соңында наиб Бағзат Ақжол: Құрметті жамағат, қадірлі шәкірттер және балуандар. Күресу – біздің ұлт ретінде қанымызда бар қасиет. Балуан күресі, ат жарыс десе делебеміз қозып кетеді. һәм ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-нің ең сүйікті спорт түрі осы күрес болған екен. Өзі де күрескен. Бұл біз үшін тіптен, сүннет. Пайғамбардың күресі жайлы деректер көп. Соның бірегейі Мекке тұрғыны, ешкімнен жеңіліп көрмеген кәсіби балуан Рукана ибн Әбд Язидпен болған күресі еді. Ибн Исхақ бұл оқиға туралы: “Бірде Пайғамбар (с.ғ.с.) Руканамен кездесіп қалып, былай деді: «Ей, Рукана, Алладан қорқасың ба әрі менімен жекпе-жекке шыққың келе ме? Егер мен жеңсем, Алланың бірлігі мен Пайғамбарын мойындайсың ба?»- деп сұрады. Рукана келісімін берді. Пайғамбар (с.ғ.с.) онымен күресіп, Рукананы жеңіп кетеді. Күреске тоймаған қарсыласы қайтадан жекпе-жекке шақырады. Сөйтіп олар үш рет күресіп, барлығында Алла Елшісі (с.ғ.с.) жеңіске жетеді. Жеңіліп көрмеген Рукана осы оқиғадан кейін Исламды қабылдаған. Кей деректер бойынша Мекке қаласы алынғаннан кейін Рукана да мұсылман атанған. (Әл-Хаким, Әбу Дәуд және әт-Тирмизи), – деді.

Сондай-ақ, айтулы бәскеде жеңіске жеткен балуандарға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің наиб имамдары Бағзат Ақжол, Серікбол Хаманұлы, Оңғар Хайридинов, және Нұрсұлтан Шамшидин қатарлы имамдар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.