Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Мешіт құсы» атанған ақсақалға кіші қажылыққа жолдама берілді

0 238

Астана төрінде өткен «Үмметін сүйген Мұхаммед» атты Мәуліт кешінде ҚМДБ Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен бірқатар тұрғындарға «Мәуліт сыйы» берілді. Олардың қатарында «Мешіт құсы» атанып кеткен Сансызбай Төкенұлы да бар.

Рухани кеште ақсақалға тосынсыйды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өзі табыстап, ұмра қажылығына жолдама алуымен құттықтады.

Айта кетейік, Сансызбай Төкенұлы – елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрақты жамағаты, ел арасында «Мешіт құсы» атанып кеткен ақсақал.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.