Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қасиетті Ережеп айының құрметіне, Бас имам Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен және демеуші азаматтардың қолдауымен, «Светоч» балалар үйіндегі 30 балаға азық-түлікпен және әртүлі заттай (балалардың өз қалаған заттары) көмек көрсетілді.
Аталмыш игі шараны ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіннің жанынан құрылған «Аналар мектебі» рухани клубының жетекшісі, ұстаз Әлия Аусағатова т.б. мешіт қызметкерлерінің белсенділігімен жүзеге асты.
Санқилы тағдырлар тоғысқан бұл үйдегі балалар мешіт атынан таратылған тәбәрік-сыйлықтарға қуаныштарын білдірді. «Жерде бір бала күлсе, көкте күллі періште қуанады», – дейді халқымыз, балалар жыламасын, Алла өзі қамқор болсын!
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі.