Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жат ағымдардан қалай қорғануға болады?

0 2  142
Белгілі теолог-исламтанушы, Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, Асқар Сабдин жат ағымдардың идеологиясынан қорғанудың, олардың арбауына түсіп қалмаудың негізгі 3 шартын атады, — деп хабарлайды kazislam.kz тілшісі. Ол қандай да бір ағымға еріп кетпеу үшін осы 3 мәселеде аса мұқият болған жөн дейді.

Эмоцияға берілмеу. Эмоцияға берілген адам міндетті түрде кез келген бір ағымның соңынан еріп кетеді.

Жан-жақты білім алу. Ағымдардың негізгі мақсаты – ақпаратты шектеу. Яғни, ағымдардан қорғанайын деген адам олар жайында жан-жақты ақпарат жинап, басқа мамандардан көп мағлұмат алуы керек. Сонда ғана адамда өзгеше таным қалыптасып, ағымның жетегіне еріп кетуден сақтанады.

Кез келген ортамен араласу. Өмір сүріп жатқан қоғамнан оқшауланбау, яғни, изоляцияға ұшырамау керек. Өкінішке қарай, көптеген секталар ерушілерін араласатын ортасынан оқшаулағысы келеді. Басқа имамды тыңдама, әкеңді, анаңды тыңдама деп оларды қоғамнан алыстатады.

kazislam.kz 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.