13 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай өткен дөңгелек үстелде Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов осылай деді, деп жазады muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.
«Қанша жыл дінге қарсы саясатты бастан кешкенімізбен, рухани құндылықсыз, нақты айтқанда, дінсіз болашаққа қадам баса алмаймыз. Дін мен тіл — қос қанатымыз. Осы ретте асыл дінімізді халқымызға насихаттап, дәстүрімізді дәріптеп келе жатқан Бас мүфтиге, оның ұжымына алғыс айтамын. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Алла баршамызға жар болсын», – деп игі тілегін жеткізді Мұрат Жұрынов.
Айта кетсек, бүгін, яғни 2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл.