Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

“Ғылмани” мұражайында арнайы кездесу өтті (ФОТО+ВИДЕО)

0 1  255

26 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің жанындағы “Ғылмани” мұражайында ғұламаның дүниеге келгенінің 130 жылдығына орай кездесу өтті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Биыл – Кеңес үкіметінің тұсындағы Қазақстан Қазиятының қазиі, фольклор жинақтаушы, ақын, дін ғұламасы Сәдуақас қажы Ғылмани (Сәкен қалпе) ақсақалдың өмірге келгеніне 130 жыл.

Айтулы датаға орай, “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде жыл бойы бірқатар мерекелік іс-шаралар жоспарлануда. Соның бірі, мешіт жанындағы “Ғылмани” мұражайында ашық есік күндерін өткізу, жамағатпен кездесу өткізу, ғылыми конференциялар өткізу сияқты іс-шаралар өтіп келеді.

Бүгін Ғылмани мұражайында жамағатпен “Өткеннің ізімен болашақтың көзі” атты арнайы кездесу өтті.

Кездесу аясында “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан, Бас  редакторлар клубының вице-президенті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Журналистика және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Мұратбек Тоқтағазин, ғұламаның көзін көрген ақсақал Сүйіндік Жұмабайұлы, мұражайдың меңгерушісі, тарихшы Бақытхан Солтанбай қатарлы мамандар баяндама жасады.

Баяндамашыларр Сәдуақас қажының өмір белестері мен өнегелі ғұмыры жайлы сыр шертіп, дәстүрлі діни таным туралы сүбелі сөз айтып, өзіндік зерттеулерімен бөліссе, Сүйіндік ақсақал ғұлама жайында тұщымды  естеліктер айтып берді.

Кездесудің соңында мұражай жауаптысы Бақытхан Солтанбай қатысушыларды мұражайдағы жәдігерлермен таныстырды.

Жыл басында басталған іс-шаралар легі алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.