Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Президент: Карантиндік шектеулер біртіндеп алынады

0 1  620

11 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды». Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты, деп хабарлайды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Мемлекет басшысы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.