Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти бауырмалдық жөнінде жұма насихатын айтты (ВИДЕО)

0 976

23 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бүгін, биылғы Рамазан айының соңғы жұмасында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кезекті жұма насихатын айтты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти бауырмалдық жөнінде айта келе, шариғатта бауырдың екі түрлі болатынын тілге тиек етті.

– Ислам дінінде бауыр ұғымы тек туысқандықпен шектелмейді. Адамдарға мейіріммен қарап, бауырым деп өзіне тартуы – бауырмалдық, яғни, адам бойындағы құнды қасиет. Ал туысқанмен тату болу, жақсы қарым-қатынаста болу – Жаратушымыздың бұйрығы. Қасиетті Құранның «Рағыд» сүресінің 21-аятында Алла Тағаланың «жалғастырыңдар» деген әмірін орындап, туысқандық қатынасты үзбейтіндер – Раббыларынан шынайы түрде қорқушылар деп дәріптелсе, «Нахл» сүресінің 90-аятында ағайын-туысқа қарайласуды бұйырады.

Осындай аяттарға назар салған халқымыз «Өле жегенше, ағайынмен бөле же», «Туысы – бірдің, қонысы – бір», «Туысы – бірдің, уысы – бір» деп ұл-қыздарына ақыл-кеңестерін беріп, туған-туыстың, бауырдың қадірі жайында өсиет етіп отырған, – деді Бас мүфти жұма насихатында.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.